Алдағы күндері Қазақстан Республикасының басым бөлігінде күндіз ауа температурасы одан әрі көтеріледі.
Алайда елдің солтүстігінде және оңтүстіктің таулы аймақтарында ауа райы тұрақсыз болады.
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашынды (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жел күшейеді. Республика бойынша тұман болуы ықтимал.
Күндіз ауа температурасы батыс өңірлерде +10…+15°С-қа дейін, оңтүстікте +15…+20°С-қа дейін көтеріледі. Ал солтүстік пен шығыс өңірлерде +3…+8°С шамасында болады.
Айта кетелік бүгін Алматы, Астана мен тағы 6 қалада ауа сапасы нашарлайды.