Жамбыл облысы ет өндіру бойынша 7 орында

0 30

Жамбыл облысындағы мал шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтарда 4 миллион бас ірі қара мен ұсақ мал өсіріледі. Ет пен сүт бағытын дамытумен қатар, ет өндіру көлемі де жыл сайын артып келеді. Өңір бұл көрсеткіш бойынша 7 орында тұр,- деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Жамбыл облысындағы мал шаруашылығы саласы табиғи жем-шөп базасы саналатын кең жайылымдар арқасында дәстүрлі түрде дамыған. Шаруашылықтарда жалпы 4 миллион бас ірі қара мен ұсақ мал өсіріледі, бұл ретте өңір мал шаруашылығындағы жұмысты дамыту бойынша алдыңғы қатарда.
Аймақта шаруа қожалықтарын қолдауға арналған «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды дамыту» бағдарламасы іске асырылып келеді. Ет және сүт бағытындағы ірі қара малды өсірушілер өз блімдерін тұрақты түрде жетілдіруге, мемлекеттік қолдау арқылы жеңілдетілген несиелер беру қарастырылған. Бүгінгі таңда «Медет», «Ахмет», «Гамбург», «Қақпатас Қордай», «Kaz Meat Kordai» шаруашылықтары мүйізді ірі қара, қой мен жылқы өсіруде алдыңғы қатарда тұр. Соңғы жылдарда облыста 3-5 мың бас ірі қара малды бордақылауға арналған 13 ірі кешен іске қосылған.
Өңірде репродуктивті шаруашылықтар салынып, шаруа қожалықтары дамуда. Соңғы жылдары облыста 26 мың басқа арналған 27-дан астам бордақылау алаңы, асыл тұқымды репродукторлар, құс фабрикалары өз жұмысын бастады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.