Жамбыл облысының әкімі өңірдегі ауыл шаруашылығы саласының дамуы туралы айтты

0 44

— Еліміздің аграрлық секторында Жамбыл облысының маңызы жоғары. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өңірде агроөнеркәсіп кешенін дамытуға, оның ішінде қайта өңдеу бағытында жұмыстарды күшейтуге айрықша басымдық берілуде, — деп атап өтті Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында.

Ауыл шаруашылығы саласын қолдауға ағымдағы жылы өңірде субсидиялар ретінде 25,1 млрд. теңге бөлінген. Мемлекеттік қолдау шаралары шаруаларға 1,5 мың бірлік ауыл шаруашылығы техникасын, 552 шаруа қожалығына – жоғары өнімді тұқым сатып алуға мүмкіндік берді.

Облыстағы ірі қара мал басы 5,8% — ға (521 мың бас), қой — 9,8% — ға (3 593 мың бас), жылқы – 9,7% — ға (181 мың бас) артса, ет өндірісінің өсімі 3,6% (108 мың тонна), сүт – 1,4% (294 мың тонна) құраған.

ҚР Үкіметінің төтенше резервінен бөлінген қаражат шеңберінде суармалы су тапшылығы салдарынан зардап шеккен шаруалардың шығындарын өтеу бойынша 358 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге жалпы 2,7 млрд. теңге көлемінде қолдау көрсетілді.

Ауыл шаруашылығы саласында құны 8,6 млрд. теңге болатын 7 инвестициялық жоба іске асуда. Нәтижесінде 159 жаңа жұмыс орнын құрылатын болады. Бүгінде төрт жоба іске қосылған. Жалпы, бұл жобалар көкөніс қоймаларының қуаттылығын 41 мың тоннаға, сүт өңдеу кәсіпорындарының қуаттылығын 7 мың тоннаға, ет өндірісін 7,5 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Ағымдағы жыл қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі 535 млрд. теңгеге дейін жетеді деп күтілуде.

Өз сөзінде Ербол Қарашөкеев «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру қорытындылары туралы да тоқталып өтті. Жалпы, 2019-2022 жылдары 18,3 млрд. теңгеге төрт мыңға жуық жоба қаржыландырылды.

Ағымдағы жылы аталған жоба аясында облыстың 10 ауданының 38 ауылдық округіне 24 млрд. теңге бөлінген. Бүгінгі таңда 18,9 млрд. теңгеге 3,2 мыңнан астам жоба қаржыландырылды. Ал, 2024-2025 жылдары 91 ауылдық округте 45 млрд. теңгеге 17 мың жоба несиелендіріледі деп күтілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.