Биылғы жылдың 9 айында Жамбыл облыстық АХАТ бөлімінде 7966 туу туралы акт жазбалары тіркелген.
«Азаматтарға арналған үкімет» филиалының хабарлауынша, жаңа туған ұлдар арасында ең көп қойылған есім — Айсұлтан, қыз балалар арасында — Асылым.
Биылғы жылы Жамбыл облысында Айсұлтан есімімен 189 ұл бала тіркелген. Мұхаммед есімімен 182 бала тіркелсе, үшінші орынға аз ғана айырмашылықпен Мухаммад есімді 180 бала жайғасты.
Ал қыз балалар арасында танымал есімдер — Асылым, 290 сәбиге қойылған және Медина (287) және Айлин (280).
Сондай-ақ, жаңа туған нәрестелер арасында Алихан, Алдияр, Амир, Омар, Айша, Айым, Аяла, Айкөркем есімдері де жиі кездеседі.
Айта кетейік, бұдан бұрын Астанада референдум күні 53 сәби дүниеге келгенін жазған болатынбыз.
Ал, Шымкентте салмағы алты келіден асатын алып сәби дүниеге келді. Дәрігерлер әйелді табиғи жолмен босандырып алды.