Мемлекеттік сатып алу конкурсы қызметі

0 7

Жамбыл облысының прокуратурасы 2,2 млрд теңге сомасына мемлекеттік сатып алу конкурстарының күшін жойды. Бұл туралы облыс прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды талдау шеңберінде мәліметтерді бұрмалау фактісі анықталды.

Қатысушылардың бірі өз біліктілігі туралы дұрыс емес мәліметтер берген. Ол бұрын орындалған объектілер туралы ақпаратты бұрмалайтын құжаттарды веб-порталдың электрондық депозитарийіне салып, нәтижесінде жұмыс тәжірибесін арттырған. Бұл жосықсыз қатысушыны құны 2,2 млрд теңге болатын сумен жабдықтау объектілерін салуға арналған конкурстың жеңімпазы деп тануға негіз болды.

Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде облыс әкімдігі мердігерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы және конкурстардың қорытындыларын жарамсыз деп тану туралы МАЭС-ке талап қою енгізді.

07.08.2024 жылы талап қою толығымен қанағаттандырылды.

Бұған дейін Жамбыл облысында аудан әкімінің міндетін атқарушы пара алғаны үшін сотталғанын жазған болатынбыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.