Мойынқұм ауданы: тұрғын үй және инфрақұрылымдық бағдарламалар жүзеге асуда

0 2

Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды, көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда.

2024 жылы осы мақсатта республикалық бюджеттен 230,1 миллион теңге бөлінді. Бөлінген қаражатқа 12 пәтер сатып алынып, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға табысталды.

Биыл тағы 10 пәтер сатып алуға 137,3 миллион теңге қарастырылған. Сонымен қатар, облыстық мәслихаттың алдағы сессиясында тағы 10 пәтер сатып алу үшін қосымша қаржы бөлу мәселесі қаралатын болады.

Сонымен бірге, аудан аумағындағы елді мекендердің сәулеттік келбетін жақсарту бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. 6 көпқабатты үйде шатыр ауыстыру және қасбеттерді жөндеу жұмыстары атқарылды. Қазіргі уақытта аулаларды абаттандыру және асфальттау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.