Рамазан айындағы игі бастама

0 2

Қасиетті Рамазан айында Тараз қалалық Өзбек этномәдени бірлестігі игі дәстүрді жалғастырып, көпшілікке ауызашар дастарханын жайды. Қайырымдылық шарасы бірлестік төрағасы Абдурахман Зайнутдиновтың бастамасымен ұйымдастырылып, аталған бірлестіктің белсенділері демеушілік етті.
Жиынға қатысушылар қатарында «Қамқор ана», «Жандану», «Нақты көмек», «Права и возможности инвалидов», «Қазақ зағиптар қоғамы», «Ажур» студиясы, «Соқырлар қоғамы, «Нұр», т.б., қайырымдылық қорларының қамқорлығындағы мүмкіндігі шектеулі жандар, басшылары, қала тұрғындары мен ақсақалдар, көпбалалы және әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған отбасылар болды.
Ауызашар барысында жиналған жамағат қасиетті айдың қадір-қасиеті жайында әңгіме өрбітіп, ел бірлігі мен амандығы үшін дұға жасады. Үлкендер бата беріп, ізгі тілектерін білдірді.
Шараның басты мақсаты – Рамазан айының рухани құндылықтарын насихаттау, мұқтаж жандарға қолдау көрсету және этносаралық қатынастарды нығайту, жалпықазақстандық бірегейлікті ілгерілету, татулық пен бірлікті сақтау.
Іс-шара ерекше жылулық пен сыйластық атмосферасында өтті. Осындай сауапты істер қоғамдағы мейірімділік пен жанашырлықты арттырып, береке-бірлікті күшейте түсетіні сөзсіз. Сондай-ақ, Қазақстандағы конституциялық референдум маңыздылығы да айтылды.
Ұйымдастырушылар мұндай қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да жалғасатынын айтып жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.