Қордайлықтар Рәміздер күнін кең көлемде атап өтті

0 4

Қордай ауылында Рәміздер күнін халық арасында насихаттау мақсатында автошеру ұйымдастырылды. Бірнеше автокөлікке мемлекеттік Ту ілініп, шеруге қатысушылар ауыл көшелерімен жүріп, тұрғындарға керемет әсерлі көңіл-күй сыйлады , —  деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Автокеруен алдыменен Төле би көшесімен, кейін Жібек жолы көшесімен жүріп, бірнеше мәрте көпқабатты үйлердің маңына тоқтады. Өз кезегінде көпқабатты үйлердің тұрғындары балкондарына Ту іліп, шеруге қатысушыларға қолдау білдірді. Ал, шерудің мәресі аудандық Мәдениет үйі алдында аяқталды. Аудан өнерпаздары және «Жастар ресурстық орталығының» қызметкерлері флешмоб ұйымдастырып, «Көк Тудың желбірегені» атты әнді шырқады. Іс-шара соңында баршасы қолдарын кеуделеріне қойып, мемлекеттік Әнұранды айтты. Шеруге қатысушылар бірауыздан Қазақстанның мемлекеттік рәміздері Отанға, ел тарихы мен мемлекеттік тілге, мәдениет пен дәстүрге деген шынайы сүйспеншіліктің көрінісі екенін атап өтті. Ал, іс-шараның арқасында ауданның тұрғындары бұл күн ерекше екенін сезініп, мереке сыйлаған жандарға ризашылықтарын білдіріп жатты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.