Тұрар Рысқұлов ауданында рәміздер күніне орай ауқымды шаралар өткізілді

0 11

Бүгін-Қазақстан Республикасы рәміздерінің күні. Тұрар Рысқұлов ауданында  атаулы датаға орай ауданда ауқымды шаралар өткізілді. Барлық ұжымдарда бір мезгілде мемлекеттік гимн айтылып, оған мыңнан астам бюджеттік мекеме қызметкерлері мен оқушылар атсалысты ,  — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Аудан орталығы Құлан ауылында «Мемлекеттік рәміздер-мақтанышым» атты жастар флешмобы мен автошеру ұйымдастырылды.
Барлық ауылдық мәдениет ошақтарында виртуалды көрмелер,онлайн іс-шаралар ұйымдастырылды.

«Менің туым» акциясы аясында мемлекеттік туды қастерлеуге арналған шаралар жалғасын тапты.

«Елтаңбасы елімнің» атты оқушылар арасында мәнерлеп оқу челленджі мәдениет қызметкерлерінің патриоттық әндер челленджіне жалғасты. Оқушылар арасында «Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтанышымыз» атты эссе байқауы, «Ел рәміздері-ел рухы»атты онлайн сурет байқауы, «Тәуелсіз Қазақстанның ең басты символдары» атты онлайн көрмесі ұйымдастырылды.
Тәуелсіз елдің мемлекеттік рәміздерін насихаттауда барлық мекемелер мен ұжымдар,бөлімдер мен ауылдық округ әкімдіктері белсене атсалысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.