Жамбыл облысында ғибратты керуен аудандарға жол тартты

0 4

Бүгін «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен облыстық ардагерлер кеңесімен бірлесіп өткелі отырған «Ғибратты керуен» жобасын шығарып салу рәсімі өтті , — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Керуен Жамбыл өңірінің аймақтарын қамтып, ұлттық құндылықтарды сақтау, қазыналы қариялардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа үлгі ету, жастардың бойына ұлттық тәрбиені сіңіріп, үлкенді сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында кездесулер, әлеуметтік бейнероликтер, әуезді әндер ұсынатын болады.

Шығарып салу рәсімінде басқарма басшысының орынбасары Сара Қабылбекқызы мен облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Бейсенбекұлы құттықтау сөз сөйледі. Ал жас айтыскер ақын Дидар Апбасов өз арнауын орындады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.