Тараздағы ЖД-158/7 мекемесінде құқықбұзушылық анықталды. Жазасын өтеушіге сәлем-сауқат арқылы қатаң тиым салынған заттарды жөнелткен. Бұл жолы тосын сый тұрмыстық сұйықтық құтысынан шықты , — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.
Жедел тобының жіті тінту жұмыстары барысында «Samsung» маркалы 1 дана ұялы телефон табылды. Барлығын «Expert» кір жууға арналған гель ішіне салып, бандерольді «Қазпошта» АҚ арқылы көршілес Шымкент қаласының тұрғыны жолдаған. Қазіргі таңда ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексіне сәйкес 481 бап бойынша материал жинақталып, іс әкімшілік сотқа жолданды. Заңға кереғар айласын асырмақ болғандардан тиісті айыппұл алынатын болады.