Тұрар Рысқұлов ауданында 1500 бас мүйізді ірі қараға арналған бордақылау кешені іске қосылады

0 7

Биыл Тұрар Рысқұлов ауданында екі бірдей мал бордақылау кешені мен сүт фермасы іске қосылады. Өткен жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы халық алдында есеп берген аудан әкімі Ерболат Садырқұлов малшаруашылығы саласына да кеңінен тоқталды, — деп жазды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Өткен жыл аудандағы ауылшаруашылығы еңбеккерлері үшін де табысты болды. Мал басы артып, асылдандыру жұмыстары да жүйелі жүргізіліп келеді:

— Мал өнімдерін өндіру 102,8 пайыздан 107,7 пайызға артты. Қазір 2 650 бас мүйізді ірі қараға арналған 12, 780 бас жылқы малына арналған 5, 3600 бас қой малына арналған 4, 30 000 бас шошқаға арналған 1 мал бордақылау алаңы бар. Биыл олардың саны тағы көбейеді,-деді аудан әкімі.

Бүгінде аудандағы «Дәулетбай» шаруа қожалығы 1000 бас мүйізді ірі қара малын бордақылау, мал сою, сақтап, тоңазыту, мал терісін дайындау кешенінің құрылысын аяқтаған. Ал, «Шалқар» шаруа қожалығы 1500 басқа, «АлРай» шаруа қожалығы 1000 басқа арналған мүйізді ірі қара мал бордақылау кешендерін іске қоспақ. Сонымен қатар, Құмарық ауылында 100 басқа арналған сүт фермасы бой көтеруде. Жобалар мерзімімен жүзеге асса аудан экономикасының да дамуына серпін қосылмақшы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.