Облыс әкімі «Әжелер алқасының» мүшелерімен кездесті

0 1

Облыс әкімі «Әжелер алқасының» мүшелерімен кездесті, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жақында облыстық «Һибатулла Тарази» мешіті жанынан «Әжелер алқасы» құрылған болатын. Әйелдер мен жас қыздарға, келіндерге халықтық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың маңыздылығын түсіндіріп, оларды ұстану, бақытты отбасы құрудың құпияларымен бөілісу мақсатына негізделген.

Бұл кеңес Әжелер мектебінің негізінде құрылды. Бүгінде олар жас ұрпақты тәрбиелеу ісінде қоғамдық институттармен ынтымақтасуға дайын. Осыған айрықша көңіл бөлген аймақ басшысы әдет-ғұрыптарымызды қайта жаңғыртып, ұлттық дәстүрімізді дәріптеуде әжелер алқасының рөлі зорекенін атап өтті. Өйткені, әжелер – халық даналығының сарқылмас қайнар көзі, өскелең ұрпақтың тәрбиешісі.

— Қазіргі таңда тастанды балалар, жастардың ажырасуы көбейіп кетті. Осындай келеңсіздіктерге тосқауыл қою үшін әжелеріміз жас буын-өскелең ұрпақты тәрбиелеп, әрдайым ақыл-кеңестерін айтып отырса, тәрбиелі жастар, ибалы қыздарымыз көбейіп, Отбасы институтын нығайтуға зор әсер ететіні сөзсіз. Сіздерге алғысымыз шексіз. Сіздер сияқты аналарды көрген кезде ерекше қуанамын, – деді аймақ басшысы.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Әйел-Қыздар» секторының Жамбыл облысындағы жетекшісі Гүлжан Серікқызы облыстың барлық қала және аудандарында әжелер алқасы құрылғанын хабарлады. Қазіргі таңда алқа құрамында 76 әже бар десек, бүгінге дейін олармен 7 кездесу, 11 іс-шара өткізілген.

Іс-шара соңында Бердібек Сапарбаев қатысушыларды келе жатқан мерекемен құттықтап, әжелерге естелік сыйлықтар табыс етті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.