Таразда «Наурыз-думан» мерекелік концерт өтті

0 9

Әз-Наурыз мерекесіне арналған шаралардың легі Жамбыл облыстық филармониясының алдында жалғасты. Өнерпаздар әуелете ән салып, күй күмбірлеп, наурыз думанның көрігін қыздырды, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының ұйымдастырған шарасына облыс басшысы, зиялы қауым өкілдері мен жамбылдық өнерпаздар қатысты.

Салт-дәстүрден театрландырылған көрініс қойылып, «Наурыз – думан» атты мерекелік концерт жұртшылықтың назарына ұсынылды.

Қазыналы қарттар жас ұрпаққа Наурыз мерекесінің мәні мен маңызы туралы әңгімелеп, ақжарма тілектерін арнады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.