Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі 2018 жылы 8 қаңтар күні «Жедел жәрдем» қызметіне бірнеше өзгеріс енгізді.
Қазақстан бойынша барлық аймақта «жедел жәрдем» шақыру нөмірі – «103». Кез келген азаматтан келген қоңырау бойынша жедел жәрдем көлігін жіберуші диспетчер мына ақпаратты міндетті түрде сұрауы керек: Тегі. Аты. Әкесінің аты. Жасы. Жынысы. Аяқ асты орын алған әлде қасақана жасалған жағдайға байланысты сұрау да жасалады (сынық әлде жұқпалы ауру). Үйдің мекен-жайы. Телефон нөмірі. Көмек сұраушы тараптың үйіне дейінгі маршурт да сұралады. Диспетчер мен «жедел жәрдем» қызметкерлерінің арасындағы талқылау 5 минут. Осы уақыт ішінде олар сіздің жағдайыңыз туралы айтып, қажетті құралдарды алып жолға шығуы керек. «Жедел жәрдем» бөлімі кезекші дәрігерге бағынуға міндетті. «Жедел жәрдем» диспетчерінің жедел қызмет көрсетуі 4 категорияға бөлінеді: 1-категория бойынша жедел қоңырау – науқас адамның өміріне қауіп төніп тұрған жағдайда тез арада медициналық көмекке мұқтаждық; 2-категория бойынша жедел қоңырау – науқас адамның өміріне қауіп төніп тұрған, бірақ медициналық көмекке мұқтаж емес жағдайда; 3-категория бойынша жедел қоңырау – науқас адамның денсаулығына қауіп төніп тұрған, бірақ медициналық көмекке мұқтаж емес жағдайда; 4-категория бойынша жедел қоңырау – науқас адам дертінің асқынған немесе тұқым қуалайтын ауруына байланысты, ешқандай өміріне және денсаулығына аса қауіпті зақым келмейтін жағдайда. «Жедел жәрдем» бөліміне алғашқы 1,2,3 категориядағы қоңыраулар келген жағдайда автоматтандырылған тәртіппен қызмет жасалып, диспетчер арнайы жасақталған жедел жәрдем тобын жіберуге міндетті. Диспетчер қоңырауды қабылдағаннан кейін «Жедел жәрдемнің» келу уақыты: 1-категория бойынша – 10 минут ішінде келуі керек; 2-категория бойынша – 15 минут арасында келуі керек; 3-категория бойынша – 30 минут ішінде келуі керек; 4-категория бойынша – 60 минутқа дейінгі уақыт ішінде жетуі керек.
Дереккөз: massaget.kz