Түрік аспазы әлемдегі ең үлкен дөнер дайындап, рекорд орнатпақшы

0 19

Түркияның Сивас қаласының 42 жастағы тұрғыны Хакан Сойсал Гиннестің жаңа рекордын орнатуға арналған жарысқа қатысу үшін өтініш берді.

Түркия БАҚ-тарының хабарлауынша, ол 3 тонна еттен дөнер пісірмекші. «Мен қоғамдық тамақтану жүйесінде 27 жыл бойы жұмыс істеп келемін. 15 жасымда менің еңбек жолым басталды.

Мен ол кезде жергілікті дәмханалардың біріне ыдыс жуушы болып жұмысқа кірдім. Жылдар бойы дөнер мен кәуәп дайындауды үйрендім. Өзімнің еңбегімнің арқасында кәуәп дәмханасын аштым. Ал жеткіншек шағымда әлемдегі ең үлкен дөнерді дайындап, өз есімімді Гиннестің рекордтар кітабында қалдырғым келді», – дейді Хакан.

Оның айтуынша, 2005 жылы Бурса қаласында әлемдегі ең үлкен дөнер кәуәбі дайындалған екен. Оның салмағы 2 тонна 698 келіні құрапты. «Мен бұл рекордты жаңартқым келеді. Анкарадағы Жастар саябағында 1 тонналық дөнер жасауға 20-ға жуық аспазшы қатысты. Ал мен өзім жалғыз 1 тонна 250 келілік дөнерді өзім жалғыз дайындап шықтым. Алла қаласа, арманымды жүзеге асырсам деймін. Дөнер дайындаудағы жаңа рекордтың авторы атанғым келеді.

Мен Гиннесс рекордтар кітабының Түркиядағы өкілдігіне өтініш беріп қойдым. Оларды өтінішімді қабылдады. Жарысқа қатысу үшін 4 ай бұрын өтініш қалдыру керек екен. Маған тек моральдық қолдау болса жеткілікті, қалғаны өз қолымда!», – дейді ол.

Дереккөз: 24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.