Назарбаев Әзірбайжан президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады.

0 0

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айту жеделхатын жолдады, — деп хабарлайды  Ақорда баспасөз қызметі. 

Мемлекет басшысы Баку қаласындағы өрт салдарынан көп адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Бауырлас Әзербайжан халқының қайғысына ортақтасып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін», — делінген жеделхатта. 

Leave A Reply

Your email address will not be published.