Атырауда болған оқиғаға байланысты арнайы комиссия Қарабатанға аттанады

0 0

Атырау облысы Қарабатан ауылындағы «Газ-турбина электр станциясы» құрылыс аумағындағы орын алған төтенше жағдайды тергеу мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚР Еңбек кодексінің 188 бабына сәйкес, жазатайым оқиғаны тергеп зерттейтін Үкіметтік арнайы комиссиясы құрылады. Бұл туралы ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында хабарланды

Аталған комиссиялық топтың құрамын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Б. Әлтаев басқарады. Сондай-ақ жасақталған топтың құрамына ІІМ, Денсаулық сақтау министрлігі және Атырау облысы әкімдігі, жұмыс беруші мен кәсіподақ өкілдері енгізілмек. Комиссия оқиғаның шығу салдары мен кәсіпорынның қызметі арасындағы байланысты тексереді.

Құрылған арнайы комиссия Қарабатан ауылына аттанды.

Естеріңізге сала кетсек, Атырау облысы Қарабатан ауылындағы «Газ-турбина электр станциясы» құрылысы аумағындағы жатақханада болған өрттен 6 адам мерт болды. Бірнеше адам зардап шекті. Оқиға 2 наурызда, сағат 8:41- де тіркелді. ҚР ІІМ ТЖК алдын-ала тергеу нәтижелеріне сай, өрт электр тоғының тұйықталуынан шыққан.

Leave A Reply

Your email address will not be published.