Қытайлық кәсіпкерлер Екібастұздағы көмірді зерттейді

0 4

Қытайдың Хэцзинь қаласының әкімшілігі Екібастұздағы көмірді зерттеуге бел буды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Бүгін Екібастұзға былтыр бауырлас қала болған Қытайдың Хэцзинь қаласынан делегация келді. Сол кезде екі қала арасындағы жан-жақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған еді. Анықталғандай, Екібастұздағы көмір осы отын түрін қайта өңдеумен айналысатын «Янгуан» корпорациясының қызығушылығын тудырған.

«10 миллион тонна көмірден 5 миллион тонна кокс  алуға болады. Көмір  шина өндіруге, аэроғарыштық өнімдер өндіру үшін қолданылады», — деп атап өтті Хэцзинь қаласы мэрінің орынбасары Хэ Хонглинг.

Қытайдан келген делегация көмір разрездері мен басқа да кәсіпорындарды аралады.

Сондай-ақ, қалалық әкімдікте Екібастұз әкімі Қайрат Нүкеновпен кездесу өтіп, екі қаланың басшылары сауда, экономика, мәдениет және спорт салаларындағы өзара әрекеттестік туралы келісім жасаған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.