Ақтауда қатарласын соққыға жығып, басынан орындықпен ұрған сарбаз сотталды

0 19

Ақтауда қатарласын соққыға жығып, басынан орындықпен ұрған сарбазға қатысты сот үкімі шықты, — деп хабарлайды tengrinews.kz.

Порталдың мәліметінше, 25744 әскери бөлімінің қызметкері қатарласын соққыға жыққаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 440-бабының 3-бөлігі 3-тармағы бойынша айыпты деп танылды. Бірақ ол жазасын шартты түрде өтейтін болды.

ЭСотта 2017 жылдың 19 қарашасында шамамен сағат 21.00-де әскери қызметкер мен қатарласы арасында дау шығып, бірі екіншісінің басынан орындықпен ұрғаны анықталды. Нәтижесінде 18 жастағы Дәулет Әшіровтің денсаулығына ауыр зақым тиген. Ақтау гарнизонының әскери сотының үкімімен сотталушы айыпты деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 63-бабының негізінде сотталушы жазасын шартты түрде өтейді», — делінген әскери соттың баспасөз релизінде.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, осыған дейін Ақтауда қатарласы соққыға жығып, басынан орындықпен ұрған сарбаздың комада жатқаны хабарланған еді. Дәулет Әшіровтің әкесінің сөзінше, ұлы осы көктемде әскер қатарына қабылданған. Кейін келісімшарт бойынша әскерде қызмет етпек болған.»Өзінің шамасы келмей орындыққа жармасқан. Міне енді осылай болды. Аямаймын, соттасын. Құдайдан тілейтінім тек ұлымның амандығы. Мықты мамандар қарап, ұлымды аяғынан тұрғызып берсе екен», — деген еді сарбаздың әкесі Бақтыбек Әшіров.

Leave A Reply

Your email address will not be published.