Бұл білім мекемесі – Байзақ ауданының Ботамойнақ ауылында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатыр.
«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы мен Байзақ аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссиясы мүшелері мектеп құрылысының барысымен танысты.

Мердігер мекеме — «Азия Құрылыс Корпарациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Жобаға республикалық бюджеттен – 118,9млн.теңге, облыстық бюджеттен 64,5 млн. теңге бөлінген. Қазынадан бөлінген қаржының 65 пайызы игеріліпті. Құрылыста 80 адам еңбек етуде. Құрылыс жұмыстары 70 пайызға аяқталған. Жаңа мектеп жоспарға сәйкес, 2018 жылдың шілде айында ел игілігіне тапсырылуы тиіс. Бақылау комиссиясының мүшелері мектептің жылыту жүйесін қайта қарауды ұсынды. Қойылған жылытқыш батареялар саны аз екендігін ескертті. Құрылыс жұмыстарының барысын бақылау комиссиясының мүшелері нысан тапсырылғанша қадағалайтын болады.