Елбасы жастарға қытай тілі не үшін керек екенін айтты

0 0

Биыл «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымына — 10 жыл. Осыған орай, бүгін Назарбаев университетінде «Ұлы дала мұрагерлері» атты оқушылар мен педагогтардың форумы өтті. Салтанатты жиынға Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА BAQ.KZ порталына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» оқушыларын екінші шет тілі ретінде қытай тілін таңдауға шақырды. Елбасы қазақстандық жастарға қытай тілін оқудың маңызы жайлы айтып берді.

«Биылғы жылы Зияткерлік мектептерде оқушылардың таңдауы бойынша екінші шет тілі оқытыла бастады. Жаһандану жағдайында шет тілдерін білу астамшылыққа емес, өмірлік қажеттілікке айналды. Тілдерді білу басқа адамдардың менталитетін, мәдениетін түсінуге жол ашып, жоғары білім алу мен жұмысқа орналасу кезінде таңдауды кеңейтуге мүмкіндік береді», — деді Назарбаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, оқушы кез келген тілді таңдай алады. Ең көп тараған ағылшын тілі, екінші орында – испан тілі.

«Бірақ біз үшін қытай тілі маңызды. Біздің Қытаймен сауда-саттығымыздың көлемі өте үлкен, Ресеймен тең. Қазақстанның Қытай Халық Республикасымен сауда-саттық көлемі — 20%, Ресеймен — 22%, ал Еуропа одағымен — 30%. Ағылшын тілі аса қажет. Себебі барлық жерде, Жапонияда да, Қытайда да бизнес ағылшын тілінде сөйлейді. 1,5 млрд халық қытай тілі басым болады деп отыр. Мен қытай тілін оқып көрген жоқпын, бірақ қазақтарға басқаларға қарағанда оқыған жеңіл деп айтады», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.