Министрлік кезектен тыс президент сайлауына қанша теңге жұмсалатынын айтты

0 10

Бұған дейін әр кандидатқа бюджеттен 7,5 миллион теңге бөлінуі мүмкін екені хабарланған. Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауын өткізуге үкіметтен 12 миллиард теңге сұрап отыр. Бұл туралы бүгін бірінші қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов мәлімдеді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

«Орталық сайлау комиссиясы 12 миллиард теңге бөлу туралы қолдаухат енгізді. Қазір есептеулерді бағалау мен осы есептеулердің негізділігі тексеріліп жатыр», — деді Шолпанқұлов сенат кулуарында.

Ол орталық сайлау комиссиясы сұраған соманың азаюы да мүмкін екенін атап өтті. Бюджеттен бөлінетін ақшаның 70 проценті сайлау округтерінде жұмыс істейтіндердің жалақысына жұмсалмақ.

«Барлық есептеу жүргізілгеннен кейін, біз екі күн ішінде талдау жасап, қорытындысын беруге әзірміз», — деді вице-министр.

Оның айтуынша, өткен жылы 2020 жылы өтуі тиіс болған президент сайлауына бюджеттен 8,8 миллиард теңге қарастырылған. Алайда осы жылдың басында ең төменгі жалақы мөлшері ұлғайғаннан кейін, қаржы көлемі де өсіп отыр.

Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы әр кандидатқа бюджеттен 7,5 миллион теңге бөлінуі мүмкін екенін хабарлаған еді. Ақша үкіметтің резервінен бөлінеді.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 9 маусымда өтеді. Бүгін президенттікке кандидаттарды ұсыну басталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.