Алдағы кезектен тыс Президент сайлауға байланысты жеке тұлғалар әлеуметтік желіде сауалнамада ұйымдастыруына болмайды. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясында өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Бас прокурорының орынбасары Болат Дембаев айтты.
«Мұндай сауалнаманы бес жыл жұмыс өкілдігі бар тек заңды тұлғалар ұйымдастыра алады. Жеке тұлғаларға рұқсат етілмеген. Кейбір БАҚ өкілдерінің жеке тұлғалардың осындай сарындағы сауалнама ұйымдастырып жүргенін анықтадық. Ондай жағдайда әкімшілік жаза қарастырылған», — дейді Дембаев.
Ол еліміздегі БАҚ өкілдерінің бірі осындай сауалнама ұйымдастырғанын мысал ретінде айтып өтті. Қазіргі кезде аталған БАҚ-тың құрылтайшысы әкімшілік іс бойынша шақырту алғанын жеткізді.
Бас прокурордың орынбасары сондай-ақ сайлау күні коғамдық пікірді білу мақсатында сайлау учаскелерінде сауалнама ұйымдастырмауға шақырды.
Сауалнама ұйымдастырған тұлға интернет-ресурс, әлеуметтік желі, мессенджерді пайдаланып, нәтижені жарияламауы тиіс. Бұл сайлауға қатысты фейк ақпараттың алдын алу мақсатында жасалып отыр.
Дереккөз: baq.kz