ҚР Президенті: 2022 жылды Балалар жылы деп жариялау керек

0 147

2022 жылды Балалар жылы деп жариялау керек. Бұл туралы қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтаған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мен Мемлекет басшысы ретінде өскелең ұрпақтың болашағына баса мән беремін. Жастарға зор үміт артамын. Жастарымыз атқарылып жатқан ауқымды жұмыстың, реформалардың игілігін міндетті түрде көреді. Олардың арасында көзі ашық, көкірегі ояу, ойы ұшқыр азаматтар аз емес. Біз өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасауымыз керек».-деді Президент, Осы ретте Мемлекет басшысы балаларға ерекше көңіл бөлу керектігін жеткізді. «Балалар – мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі.

Сондықтан да алдағы жылды Балалар жылы деп жариялау керек деп есептеймін. Әңгіме жалаң ұран мен мерекелік шаралар туралы емес. Бірінші кезекте билік тарапынан балаларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз»,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.