ҚР Президенті Қазан қаласына келді

0 25

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласына келді, деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында.

«Мемлекет басшысы Қазан қаласына келді. Татарстан астанасының халықаралық әуежайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Республика басшысы Рустам Минниханов қарсы алды.

Жұмыс сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан Кремлінің көрікті жерлерін аралап көреді және Татарстан Президентімен кездесу өткізеді. Сонымен қатар республиканың өзге қалаларында орналасқан «Камаз» және «Танеко» сияқты ірі кәсіпорындарының жұмысымен танысады» деп жазды ол.

Leave A Reply

Your email address will not be published.