«Қаржы пирамидасын құрды» деген күдікке ілінген вайнер өз нұсқасын айтты

0 27

Мейіржан Төребаев өзіне тағылған айыпқа қатысты пікір білдірді. Ол аталған қаржы пирамидасынан өзінің де зардап шеккенін және компанияны басқару ісіне араласпағанын айтып отыр. Салған қаржысын да қайтара алмаған. 2 жыл бұрын компанияға 10 миллион теңге салыпты. Ал, қараша айында «Mudarabah Capital» директоры салым сенімді екеніне күмәнданбауы үшін ЖШС қатысушылары қатарына қосылуды ұсынған. Бірақ, кейін құрылтайшылар қатарынан шығып кеткен. Сонымен қатар, полицейлердің қоғам пікірін қолдан жасап отырғанына қынжылатынын айтты.

«Өйткені полиция мен билікке халықты қолдап белсенді мәлімдеме жасағаным ұнамайды және олар мені қылмыстық іске араластырғысы келеді», — деді Мейіржан Төребаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.