9 вагон рельстен шығып кетті

0 31

Темір жолдан шығып кеткен вагондарда көмір тиелген болатын. Оқиға 28 ақпанда таңғы сағат 5:30-да Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласының маңында орын алған. Дегелең стансасында көмір тиелген 9 вагон рельстен шығып кетті, оның төртеуі бүйіріне аударылып қалды, -деп хабарлады Министрліктің баспасөз қызметі.

Зардап шеккендер жоқ. Оқиға басқа пойыздардың қозғалысына әсер етпеген. Жолдарды тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.