Шымбұлақта көз жұмған азамат тыйым салынған аумақта сырғанаған

0 13
Курорт әкімшілігі қайтыс болған азаматтың отбасы мен туыстарына қайғырып көңіл айтады, деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Шымбұлақта қар көшкінінен 1 адам көз жұмды. Қайғылы оқиға бүгін таңертең сағат 11.00 шамасында Комби-2 аумағында болған, деп жазады Almaty.tv.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, 47 жастағы ер адамды әуелі курорт құтқарушылары тауып, бірден медпунктке жеткізген. Азамат сол жерде жан тапсырыпты. Анықталғандай, оның экстремалды спортпен айналысатыны және тыйым салынған аумақта сырғанағаны белгілі болды.

«Қазір Комби-2 қанатты жолы жұмысын тоқтатты. Қар көшкіні жүру қаупі бар екені хабарландырылған болатын. Хабарландару СМС арқылы және БАҚ-қа ақпар жіберу арқылы хабарландыру жүргізілген еді», — деді қалалық ТЖД дағдарыс жағдайларын басқару басқармасының басшысы Бағдат Шайзада.

Курорт әкімшілігі қайғылы жағдайға байланысты қайтыс болған азаматтың отбасы мен туыстарына қайғырып көңіл айтады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.