Халық «Наурыз мерекесін» сынап жатыр

0 690

Халық сынына ұшыраған Наурыз мерекесі Алматы қаласында өткен. Онда ашық алаңға тігілген, оюлы мата жабылған шағын «үйшіктер» тұр. Үшбұрышты нысандар киіз үйге мүлде ұқсамайды. Дәл осы үйлердің сыйқы оқырмандардың ашу-ызасын тудырды. Қоғам белсендісі Сәуле Әбілдаханқызы
Алматы қаласының әкімдігі, Ерболат Досаевтың «креативі» ме?Әлде «қу жоқшылық» па?Жоқ әлде қазаққа мазақ па? деп жазды желідегі парақшасында.

Ал, Ермек Құрманғалитегі деген азамат: «Мынау не бәле? Алматыда «Апокалипсис» фильмі жалғасының түсірілімі болып жатыр ма? Алматы қаласы әкімдігі ұйымдастырған Наурыз мерекесіндегі «қазақы үйдің» сиқын қара! Ұят қой….

Мынау ежелгі Мая тайпасының лашығы ма, не бәле? Қай данышпанның ойлап тапқан «креативті идеясы» екен. Тым болмаса екі керегені жалғап жарты киіз құрып қойса дәл мынандай масқара болмас еді ғой. Балаларымызға «ата-бабаң осындай лашықта өмір сүрген» деп мақтанайық па? Әлде » жоңғарлардың әжетханасы ғой» деп ақтала салайық па.? Мынадан «Лениннің шалашы» әдемірек сияқты» деп сын айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.