Жамбыл облысында көпірлерден қарулар мен оқ -дәрілер табылды

38

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД қарасты ЖД-158/4 мекемесінің жедел бөлімінің қызметкерлері 1 дана травматикалық қару және 39 дана 5.45 калибрлі оқ- дәрі тапты , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Жамбыл облыстық полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлескен жедел іздестіру іс-шарасы барысында аталған қару-жарақ Жамбыл ауданының аумағындағы Аса өзенінің Бірлесу ауылына өтетін көпірден табылды.

Сондай-ақ, дәл осы ЖД-158/4 мекемесінің жедел бөлімі қызметкерлері шұғыл ақпараттардың ықпалымен Жамбыл облыстық полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерінің қатысуымен жедел іздестіру іс-шарасы кезінде Тараз қаласындағы «Ауыл-Береке» базарына жетпей «Горбатый» көпірінің астынан 1 дана газбен атылатын қару және 20 дана 7.62 калибрлі оқ дәрі табылды.

Comments are closed.