2026 жылғы 3–5 наурызға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Синоптиктер болжамына сәйкес, солтүстік-батыс циклонның әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ күтіледі.
— 4 наурыз күні елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (негізінен жаңбыр түрінде) болжанады. Республика бойынша желдің күшеюі, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман, сондай-ақ ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтіледі, — делінген хабарламада.
Бұған дейін еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланған еді.