Халық зейнетақы қорындағы 5 теңгесін алуға өтініш беруде

0 13

Халық зейнетақы қорындағы 5 теңгесі н алуға өтініш беруде , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Бұл туралы «Отбасы банк» АҚ Баспасөз қызметі хабарлады. 5 теңгеден бөлек, 40 теңге мен 2000 теңге аралығындағы сумманы алуға 161 өтінім жолданған.  Банктің дерегінше, кеше БЖЗҚ-ға жолданатын өтінімді толық аяқтамаған 35 мың өтініш берушіге СМС хабарлама жіберілді.  «Оларды порталға кіріп, ЭЦҚ көмегімен екі өтінішке қол қоюды сұраймыз. Жеке табыс салығын ұстап қалу туралы және біржолғы зейнетақы төлеміне арналған өтініш», – деп хабарлады банкте.  Бұл ретте «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова өтінімдердің көпшілігі қайталанғанын айтты. «Бірнеше рет өтініш берген рекордсмендер бар. Бірақ дәл осы наурыз айында біз қалыпты жағдайға жатпайтын процестерді байқадық: мысалы, 5 теңге алуға өтінім болды, 40 теңгеден 2000 теңгеге дейінгі сомаға 161 өтінім жолданды.

Мұндай операциялардың қаржылық мәні түсініксіз. Сондай-ақ ақылға қонымсыз сұраныстары бар өтінімдер түсе бастады. Мысалы, порталда 200 млн теңгеден 6 млрд теңгеге дейін 627 өтінім келіп түсті. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің мұндай сомасы бұрын-соңды болмағаны түсінікті. Мамыр айының басында зейнетақы жинақтарын пайдалану және осы бірегей жобаның ерекшеліктері туралы халыққа толық есеп жариялауды жоспарлап отырмыз», – деп атап өтті «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.