Енді түлектердің грантқа түсуге екі мүмкіндігі болады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов желідегі парақшасында жазды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
«Instagram-да грантқа түсу үшін ҰБТ тапсыруға екі рет мүмкіндік беруді сұрап мені белгілеген бірнеше жазбаны оқыдым. Шешім қабылдағанда мектеп оқушыларының мүддесіне басымдық бердік. Сондықтан бұл жолы біз түлектердің пайдасына шешім қабылдадық, енді олардың ҰБТ тапсыруға және грантқа түсуге екі мүмкіндігі бар. Бұл эмоционалдық жүктеме мен стрессті азайтады», — деді Білім министрі түлектерге арнаған үндеуінде.