Таласта көктемгі дала жұмыстары қарқынды

0 1

Талас ауданында көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 140-тан астам трактор мен басқа да қажетті ауылшаруашылығы техникалары егістік алқаптарында жүр, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 14095 гектарға себіледі. Бұл өткен жылға қарағанда 330 гектарға артық. Егістік жердің жартысынан көбі жыртылды. Егін егуге қажетті 260 тонна кепілдендірілген дизель отыны 194 теңгеден шаруаларға берілуде.Биыл жалпы 300 тоннаға жуық минералды тыңайтқыш алу жоспарланған.

Талас өзенінің суы жаз айларында азайып кетуі мүмкін болғандықтан, шаруалар су үнемдеуге баса мән беруде.8 шаруа қожалығы 300 гектар егістік жерді тамшылатып және жаңбырлатып         суару әдісімен егуге дайындаған. Аудан әкімі Қанатбек Мәдібек көктемгі егіс жұмыстарының барысын көрді. Шаруашылықтарды аралап, мемлекеттен берілетін қолдаулар жайында айтты. Жердің құжаттарына қатысты бірнеше мәселелер анықталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.