Қазақстанда құрастырылған көліктер неге қымбат? Бұл сұраққа Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жауап берді. Айтуынша, елімізде құрастырылатын көлік бағасының өсуі шетелден келетін бөлшектердің қымбат болуынан екен.
«Әр шығаратын көліктің бөлшегіне шетелдік зауыттан сертификат алуымыз қажет. Мысалы, Hyundai көлігі болса, оның ішіне салынатын затты шығаратын болсақ, онда «сіздердің көліктеріңізге өз бөлшектерімізді салуға бола ма» деп рұқсат алуымыз керек. Ал оған ұзақ уақыт өтеді. Яғни бұл дегеніміз мәселе қолымыздан келмегеннен емес, тіркеу рәсімдері өте ұзаққа созылып жатқандығында», — деп түсіндірді Қайырбек Өскенбаев.