Қазақстан әлемдегі ішімдікке тәуелді елдердің қатарына кірді

0 4

Ерлер арасындағы ішімдікке тәуелділік бойынша Қазақстан 11-орынға шықты. Ал әйелдер жалпы 182 елдің ішінде 19-орында. Осылайша қазақстандық ерлердің алкогольге деген тәуелділігі 9,52%, әйелдерде 1,48% құрады, деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Рейтинг бойынша, Ресей, Венгрия және Литва ерлері ішімдік ішуден көш бастап тұр. Әйелдерге келсек, Аустралия, Ресей және Колумбия алдыңғы орында.

Айта кетейік, ТМД елдері арасында Ресейден бөлек, Беларусьтің де жағдайы мәз емес (ерлер арасында 6-орын). Ал Украина, Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Армения мен Түркменістан бізден кейінгі орындарда.

Алкоголь өнімдерін өндіруге келсек, 2021 жылдың қаңтар-ақпан айларының қорытындысы бойынша, Қазақстанда арақ өндірісі бір жылда 60,3%-ға артты.

Коньяк өндірісі — на 6,3%-ға артса, шарап — 3,5%-ға, сыра — 2,5%-ға төмендеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.