Германия үкіметі семіздік деңгейінің өсімін тежеу және денсаулық сақтау жүйесіне түсетін ауыртпалықты азайту мақсатында 2028 жылдан бастап денсаулық сақтау реформасы пакеті аясында тәтті сусындарға салық енгізуге ниетті, деп хабарлайды Reuters.
Бұл қадам елдерді алдағы 10 жылда тәтті сусындар, алкоголь мен темекі өнімдерінің бағасын салық салу есебінен 10%-ға көтеруге шақырған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДСҰ) ұсыныстарына сәйкес келеді.
ДСҰ мәліметінше, қазіргі уақытта 100-ден астам ел қантты сусындарға салық салып отыр.
Forsa ұйымының ақпан айында жарияланған сауалнамасы немістердің шамамен 60%-ы салықты қолдайтынын көрсетті.
Бұл салықтан түсетін жылдық кіріс 450 млн еуро (527 млн доллар) аурулардың алдын алу және денсаулықты нығайту бағдарламаларын қаржыландыруға жұмсалады.
Осы арада лоббишілер қант бағасын қымбаттату ешбір елде салмағы артық адамдар үлесін азайтқан жоқ деп мәлімдеп, бұл жоспарға қарсы шығып отыр.
Еске салсақ, Ұлыбритания он жыл бұрын осыған ұқсас қант салығын енгізген болатын, ал өткен жылы ол қапталған сүт сусындарына да қатысты қолданылған болатын.
Осыған дейін Абу-Дабиде фастфуд жарнамасына тыйым салынғанын жаздық.