1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні

0 17

Бүгін Қазақстан халқы Бірлік күні мерекесін атап өтеді, — деп хабарлайды  «ZhambylNews» АА  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Атаулы мереке ел Президентінің Жарлығына сәйкес, 1996 жылдан бастап атап өтіледі. Қазақстан көпұлтты ел екені баршаға мәлім.

Тәуелсіздік алғалы 130-дан астам ұлт өкілі ел аумағында тату-тәтті өмір сүріп келеді. Қазақстан – Орталық Азия елдері арасында татулықтың үлгісі деуге болады. Себебі бірнеше ұлт өкілі салт-дәстүрі мен ұстанымына қарамастан ынтымақтастықта өмір сүріп жатыр.

Біздің ел – 30 жылдан астам тәуелсіздік тарихында сандаған ұлттың ұйытқысына айналып отыр. Бүгінде Қазақстан Республикасы аумағында бірнеше ұлт өкілі өзара ынтымақтастық пен татуластықты ту етіп тіршілік етуде.

Ел басына қиын-қыстау заман туғанда кез келген халықтың бірлігі ішінара бірлік және ынтымақтастықпен өлшенеді.

Осы орайда Қазақстан халқы ұлты мен дініне қарамастан Тәуелсіздік алғалы ұлт ретінде ұйып, бірлікті берік ұстанып келеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.