Депутат Шиповских той өткізу туралы заң қабылдауды ұсынды

0 1 545

Геннадий Шиповских бұл туралы 1001 түн бағдарламасында айтты. Оның айтуынша, қазақтардың тойындағы негізгі мәселе – асабалардың мәдениетсіздігі екен.

Сондықтан да, көрші елдердегідей той өткізуге қатысты арнайы заң қабылдаған дұрыс дейді. «Парламент депутаты болғаннан кейін тойдың заңнамасына тоқталғым келеді. Бүгінгі таңда көрші елдерде тойға байланысты нақты заңнамалық актілер бар. Егерде сіз той жасайтын болып, 200-300 адам шақырсаңыз той бюджеті 1 млн теңге болу керек.

Одан асқан жағдайда арнайы комиссия 3-4 млн теңге аралығында айыппұл салады. Жалпы бұл мәселе бұрын көтерілген еді. Сол кезде қоғам бұған дайын болған жоқ. Мәселе қозғар алдында әлеуметтік зерттеулерге жүгіндік», – деді Шиповских.

Leave A Reply

Your email address will not be published.