Қазақстанда ай сайын бос жұмыс орындарының онлайн жәрмеңкесі өтетін болады

0 6

Ай сайын 24-30 аралығында электронды еңбек биржасы негізінде бос жұмыс орындарының онлайн жәрмеңкесі өтеді, – деп хабарлайды “ZhambylNews” АА ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

Министр Тамара Дүйсенова ірі компаниялардың басшыларымен кездесуінде мұндай жәрмеңкелердің тұрақты түрде өткізілетіндігін мәлімдеді. Министрдің айтуынша, ERG компаниялар тобымен бірлескен жастарды жұмысқа орналастыру жобасы басталғалы бері 159 жас жұмысқа орналасқан.

«Электрондық еңбек биржасы және оның негізінде тұрақты негізде өткізілетін онлайн бос жұмыс орындары жәрмеңкелері жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер үшін еңбек нарығының ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етудің маңызды және тиімді құралы болады», — деп сенеді министрлік.

Leave A Reply

Your email address will not be published.