Биыл 34 мың орынға арналған 322 балабақша ашылады

0 18

Балабақшалардың бағдарламалары жаңартылып жатыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз қамтумен қатар балабақшалардың бағдарламаларын жаңарту бойынша жұмыс жүргізудеміз. Бұл — ерекше маңызды бағыт. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа моделін және жаңа мемлекеттік стандартты бекіттік», — деді министр.

Оның атап өтуінше, балабақшада өзіне сенімді, қиындықтарға төзімді, дендері сау, ашық және креативті ойлайтын балаларды тәрбиелеу және отансүйгіштік, еңбекқорлық, білімге құштарлық сияқты құндылықтарды шығармашылық пен қозғалыс белсенділігі және ойын арқылы дамытылады. «Балабақшалардың тәрбиешілерінің біліктілігін арттыру, балабақшаларға деген талаптарды күшейту бойынша да жұмыс ұйымдастырылуда», — деді Асхат Аймағамбетов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.