Өскеменде дәрігер науқастың жүрегіне ине сұғып алған

0 5

Өскеменде дәрігер абайсызда адам өлтірді деп айыпталды. 20 жылдық тәжірибесі бар маман науқастың жүрегіне ине сұғып алған, деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Noks.kz басылымына сілтеме жасап.

2019 жылдың 25 шілдесінде науқас Өскемендегі ауруханалардың біріне жеткізілген. Оған қан аурулары сараптамасын, соның ішінде кеуденің стернальді пункциясын жүргізу керек болған.

Іс деректеріне сәйкес арнайы инеде шектеу белгілері болғанына қарамастан дәрігер инені терең сұғып, ер адамның жүрегі мен жүрек құлағын зақымдаған.

«Салғырттық танытқан дәрігер науқасты тиісті деңгейде бақыламай, сол кезде жедел медициналық көмек көрсетпеген. Бұл кезде реанимациялық шаралар науқастың өмірі үшін аса маңызды болған, бірақ ол ер адамды қайтарып жіберген. Дегенмен тиісті бақылау барысында екі зақымды байқауға болар еді, сонымен қатар сүйек пластинасы тесіліп, қолқа мен ішкі органдар зақымдалуы мүмкін», – делінген үкімде.

Науқасты кеңес беру үшін басқа медициналыұұмекемеге жеткізген. Алайда сол жерде жағдайы нашарлап, көз жұмды.

Гематолог екі жылға шартты түрде сотталды. Сонымен қатар гематология саласында үш жыл жұмыс істей алмайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.