Бүгін- Энергетик күні

0 20

19 желтоқсан — Энергетик күні. Бұл атаулы күн Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1998 жылғы қаңтардың 20-дағы «Қазақстан Республикасындағы кәсіби мерекелер және атаулы күндер туралы» Жарлығына сәйкес жыл сайын желтоқсанның үшінші жексенбісінде атап өтіледі. Елбасының 2003 жылғы қарашаның 15-дегі Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасында жаңа кәсіби және басқа да мерекелер тізімі бекітілді. Бұл Жарлыққа сәйкес Энергетик күні — желтоқсан айының үшінші жексенбісі.

«Энергетик күні» — бұл энергетикалық жүйелерді құру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге қатысы бар барлық мамандардың мерекесі. Бұл күн сондай-ақ, энергетика саласындағы жауапты орындарда бүгін де қалтқысыз қызметке жұмылған жандар мейрамы. Қорыта айтқанда, «Энергетик күні» — «жарық» пен «жылу» түсінігі жай ғана сөздер емес, олардың ғұмырының айтулы дәуіріне айналған барша білікті мамандар мерекесі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.