ҚР Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен Сәтбаев қаласының әкімі болып Шапағат Әубәкір тағайындалды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шапағат Әубәкір 1983 жылы туған. 2006 жылдан бастап мемлекеттік қызметте.
Сәтбаев қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы, Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі бюджеттік жоспарлау секторының меңгерушісі және басшысы қызметін атқарған.
Ол 2021 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.