Қыстың денсаулыққа пайдасы

0 12

Қыста көпшілік тұмау жұқтырып алудан және аяғы тайып, бір жерін ауыртып алудан қорқады. Сондай-ақ адамдардың көбі қыста қабат-қабат киім киіп жүруді ұнайтпайды. Алайда бұл мерзімнің де өз артықшылықтары бар. Суық қыстың адам денсаулығына пайдасы қандай?

Экология жақсарады
Суық ауада жылы ауаға қарағанда оттек бір жарым есе көп. Ал зиянды заттар аз, себебі оларды қар сіңіріп алады.

Иммунитет қатаяды
Төмен температуралар ағзаны шынықтырады. Ал аяз ауаны вирустар, микробтар және аллергендерден тазалап, дезинфекциялайды. Әсіресе, қыста далада физикалық белсенділікпен айналысқан пайдалы.

Ұйқы сапасы жақсарады
Түннің ұзаруы ағзада мелатониннің бөлінуін ынталандырады. Сондықтан да ұйқы сапасы жақсарады. Ұйқының жақсы болғаны денсаулыққа пайдалы.

Ауруды басады
Суық қан тамырлардың тарылуына ықпал етеді. Сондықтан да аязды күні серуендеп келсеңіз, басыңыздың ауырғаны басылады.

Күйзеліспен күреседі
Аязда серуендеу вегетативті жүйке жүйесін тонуста ұстауға мүмкіндік береді. Бұл уайым-қайғыңызды азайтуға көмектеседі. Оған қоса, суықта бақыт гормоны — серотонин белсенді бөлінеді.

Арықтауға көмектеседі
Қыста ағзаның көп энергиясы денені қыздыруға жұмсалады. Қыста 3 сағаттық серуеннен 250 ккал тастауға болатыны айтылады. Егер спортпен айналыссаңыз, әсері одан да жақсы болады. Алайда қатты аязда спортпен шұғылдану ұсынылмайды.

Жасартады
Аязда қанайналым іске қосылып, жасушалардың биологиялық белсенділігі артады. Сондықтан жиі серуендеңіз, коньки немесе шаңғы тебіңіз. Алайда тері құрғақтығымен немесе куперозбен қиналғыңыз келмесе, бас киім мен қолғап киюді ұмытпаңыз.

Ақыл-ой жұмысы жақсарады
Суық ауа-райында далаға шығып, аз уақыт серуендеп келсеңіз, жұмысқа «таза баспен» қайта кірісе аласыз. Одан соң кез келген проблемалар жылдам шешілетін болады.

Ақпарат дереккөзі:  massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.