Қазгидромет маусым айындағы еліміздегі аймақтардың құрғақшылық болжамын жасады

0 13

Қазгидромет 2023 жылдың маусымына арналған еліміздегі аймақтардың құрғақшылық болжамын жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Синоптиктердің болжамына сәйкес маусым айында Қазақстанның басым аймағында ылғалдылық жағдайы нормаға жуық болады деп күтілуде.

Дегенмен бірқатар аймақтарда құрғақшылық та күтіледі. Атап айтқанда солтүстік-батыстың жеке аудандарында, елдің оңтүстігінде, сондай-ақ солтүстікте және орталықта бірқалыпты құрғақшылық күтіледі.

Одан бөлек Ақтөбе облысының Әйтеке би, Ырғыз және Хромтау аудандарында, Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында, Қызылорда облысы Қармақшы ауданында, сондай-ақ Ақмола облысының Жақсы ауданында және Қарағанды облысының Шет ауданында да құрғақшылық болжануда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.