Целиноград ауданының Қаражар ауылынан 8 шақырым жерде қамыс өртенді, деп хабарлайды Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, өрт тамыздың 2-де сағат 17:09 шамасында тұтанған. Қызыл жалын 4 гектар аумақты шарпыған.
«Тілсіз жауды ауыздықтауға Ақмола облысы ТЖД жеке құрамынан 10 адам және 1 өрт сөндіру техникасы, Астана қаласы ТЖД-нан 20 адам және 5 техника жұмылдырылды. Өрт 3 тамызда сағат 03:50-де сөндірілді. Қазіргі кезде өрттің шығу себептері анықталуда», — деді ведомстводан.
Ақмола облысының ТЖД қызметкерлері азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді.
Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысының Біржан сал ауданындағы құрғақ шөп өрті сөндірілгенін жазған едік.