Елімізде алғаш рет өнеркәсіптік ауқымда банан өсіріле бастады

0 16

Түркістан облысында өнеркәсіптік көлемде банан өндіріле бастайды. Түріктің Gengroup Qazaqstan компаниясы өңірде банан отырғызылған 5,3 га жылыжай кешенін салды. Қазақстанның климаттық жағдайларына бейімделген бананның сорты арнайы өсірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, жақын арада жылыжай тағы 5 гектарға кеңейтіледі. Бұл жылына шамамен 1000 тонна банан өндіруге мүмкіндік береді. Алғашқы өнімді 6-8 айдан кейін жинау жоспарланып отыр. Экзотикалық жемістерден басқа, жылыжайда қызанақ пен құлпынай өсіріледі.

Жобаның құны бірінші кезеңде 4 миллион АҚШ доллары. Түрік компаниясы құрылыс кезінде жоғары беріктігі бар құрылымдарды пайдаланды, жылыжайлар климаттық бақылаумен және бейімделгіш қоректендіру жүйесімен жабдықталған. Бұл өсімдіктердің генетикалық әлеуетін тіпті қолайсыз ауа райында да толық ашуға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.