«Қазақстан» шахтасындағы өрт: Үшінші кеншінің денесі табылды

0 5

 «Қазақстан» шахтасындағы өрттен зардап шеккен үшінші кеншінің денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы қаза тапқан кеншілердің отбасына жан-жақты қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.

Көмекке мыналар кіреді:

— жерлеуге байланысты шығындарды жабу;

— қайтыс болған жұмысшылардың он жылдық жалақысы мөлшерінде отбасына біржолғы төлем;

— 18 жасқа дейінгі әрбір балаға ай сайынғы сақтандыру төлемі (бала студент болса, 23 жасқа дейін);

— 23 жасқа толмаған балалардың алғашқы күндізгі оқу нысанындағы оқуына және оған байланысты барлық шығыстарға ақы төлеу, тұрғын үй сатып алу немесе ол үшін біржолғы өтемақы;

— Қолданыстағы тұрғын үйді жөндеуге ақы төлеу;

— Ипотекалық төлемдердің белгілі бір бөлігін жабу;

— Серіктестік кәсіпорындарында әйелдер мен балаларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;

— Әйелдер мен балаларға арналған санаторийлер мен лагерьлерге жыл сайын жолдама беру.

Еске салайық, «Қазақстан» шахтасында өрт кеше, 17 тамыз күні сағат 10:05-те тұтанды.

Апат кезінде жер астында 227 кенші болды. 222 адамды жер бетіне жедел көтеру мүмкін болды, сегізі зардап шекті.

5 жұмысшының тағдыры белгісіз болды. Кейін олардың бірінің денесі табылды. Қалған 3 адамды іздестіру жұмысы жалғасты.

Қарағандыдағы көмір шахтасында зардап шеккендердің арасында екі адам жансақтау бөліміне жеткізілгені туралы хабарлаған едік.

Айта кетейік, Президент «Қазақстан» шахтасында болған өрт себебін анықтау үшін жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.